Құрметті жерлестер!


Ақтөбеде туып өскен жерлестерімізді біріктіретін сайтқа қош келдіңіздер!
Осы сайт арқылы достарыңызбен, әріптестеріңізбен хабарласып, пікір алысып, өңір жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Сондай-ақ өзі оқыған, еңбек еткен ұжымдарына көмектесіп, жанашыр боламын деушілерге арналған бөлім бар.

Ақтөбе облысының әкімі
Сапарбаев Б.М.
Қымбатты жерлестер! Құрметті ақтөбеліктер!


2017 жылдың қыркүйек айында Ақтөбе қаласында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Туған жер» Бағдарламасын жүзеге асыру тапсырмасы аясында «Ақтөбе - құтты мекен» Форумын өткізу жоспарланып отыр.

Форумның басты мақсаты – танымал азаматтарды, ірі кәсіпкерлерді облысымыздың елді мекендерін әлеуметтік дамытуға тарту, патриоттық тәрбиелеу мен туған жер алдындағы азаматтық парызға шақыру.

Біз Сіздерді күтеміз, Ақтөбеде кездескенше!

Құрметпен, ұйымдастыру комитетінің төрайымы - Қалдығұлова Сәния
Құрметті жерлестер!


Құтты мекен Ақтөбеміздің тариxы, қазіргі күнгі тыныс-тіршілігі мен болашағынан xабардар болғыңыз келсе, "Ақтөбе жерлестерімен бірге" жобасын қолдаңыз!

Бұл жоба Ақтөбе жерінде, әлемнің түпкір-түпкірінде қызмет етуші, білім алушы ақтөбеліктерге пайдалы болады деген сенімдемін!

Қош келдіңіздер!

Ақтөбе қаласының әкімі
Испанов Ілияс
Құрметті жерлестер!


"Евроазиаттық энергетикалық корпорация" АҚ ұжымының атынын құрметімді білдіремін және Ақтөбе қаласында ағымдағы жылдың қыркүйек айының үшінші онкүндігінде өтетін "Ақтөбе-құтты мекен" форумына өзімнің қатысатындығымды растаймын.

 

АҚ "ЕЭК" президенті
Гриненко В.И.
Құрметті жерлестер!


Менің қарапайым еңбегімді бағалағаныңыз үшін, Сізге үлкен құрметім мен алғысымды білдіремін. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының үшінші онкүндігінде өтетін "Ақтөбе-құтты мекен" форумына шақырғаныңызға шын жүректен ризамын және осы алғысым арқылы форумға қуана қатысатындығымды растаймын.

 

"Maksat Group" директорлар Кеңесінің төреағасы
Төлебаев М.Қ.
Құрметті жерлестер!


Сізге аса жоғары құрметімді білдіре отырып, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Туған жер" бағдарламасын іске асыру бойынша тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе қаласында "Ақтөбе-құтты мекен" форумына қатысуға шақырғаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Туған мекенім Ақтөбенің көптеген салаларындағы хал-жағдайына қызығушылық танытып, Ақтөбедегі жаңалықтардан әрқашан хабардар болып отырамын, сондықтан жоғарыда аталған "Ақтөбе-құтты мекен" форумына қатысатынымды хабарлаймын.

 

Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері
Басығараев Ә.Б.
Құрметті Бердібек Машбекұлы!


Шақыртуыңызға рахмет, қатысатындығымды растаймын.

Старший тренер национальной сборной
Қазақстан Республикасының спринттен
ұлттық құрамасының аға бапкері, 
СССР  және ҚазССР-дің  еңбек сіңірген бапкері
Дениско А.В.
Құрметті жерлестер!


Форумға қатысатынымды растаймын.

 

Батыс Қазақстан облысы Олимпиада
резервіне даярлау орталығының директоры 
Джафаров Г.М.
Құрметті жерлестер!


Ақтөбе Қаласында сіздің қолдауыңызбен өтетін "Ақтөбе-құтты мекен" форумына мүмкіндігім келгенше қатысуға тырысамын. Сенім білдіргеніңізге көп-көп рахмет!

 

Волейболдан ҚР жастар құрамасының мүшесі
Алтынбекова С.А.
Құрметті жерлестер!


Елеп-ескеріп, шақырғаныңызға шексіз алғысымды білдіремін. Амандық болса, шақыртуды қабыл алатынымды айтқым келеді.

 

Республикадағы дәстүрлі ән өнерінің популяризаторы
Сүлейменова Р.Х.
Құрметті жерлестер!


Ақтөбе облысының 85 жылдық мерейтойына шақыруыңызға үлкен алғыс білдіремін. Ақтөбе, Ақтөбе болғалы облыс әкімінен тұңғыш шақыру хат алу бізді қатты тебірентті. Атажұртқа деген перзенттік сезімімізді қозғады. Осынау шақыруды басқа емес, өзіңізден, қайда жүрсеңіз де ұлт мүддесін ұмытпайтын үлкен қайраткерден алу біз үшін екі есе қуаныш болды. Шақыруыңызды қуана-қуана қарсы аламын. Аман-есен атажұрт Ақтөбеде кездесуге жазсын!

 

ҚР өнер академиясының профессоры,
"Қазақфильм" киностудиясының сарапшысы,
ҚР жазушылар одағының хатшысы
Елубаев С.А.
Құрметті жерлестер!


Ырғыз ауданы азаматтарының атынан: Елбасының "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылып отырған форумның маңызы зор деп есептейміз. Біз туған жеріміздің патриоты ретінде аталған форумға қатысуға және өзекті мәселелерді бірлесіп талқылауға дайын екендігімізді хабарлаймыз.

 

Әлсәбір Дәрменбайұлы
Башбаев Айдар
Карбозұлы Бисенов
Қайрат Тәңірбергенұлы
Аймағанбетова Қазына
Құрметті жерлестер!


Ақтөбе - менің ата-бабамның Отаны, сондықтан да мен сүйікті өлкемнің мерейтойлық салтанатына қатысуға мүмкіндігім болғанына бақыттымын.

 

Ахмет Жұбановтың кіші қызы, композитор, дирижер,
халық әртісі және Қазақ ССС ҒА академигі
Жұбанова А.А.
Құрметті жерлестер!


Форумға қуана қатысамын! Өз тарапымнан Форум  өту барысында қандай да бір мәдени шаралардың өтуіне қолдан келгенше ат салысамын.

 

Танымал эстрада әншісі 
Жақсыбаев А.Б.
Құрметті жерлестер!


Сізге "Ақтөбе-құтты мекен" аймақтық форумына шақырғаныңыз үшін алғысымды және ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіз

 

Қазақстандық дәрігер-нейрохирург.
АҚ "Ұлттық нейрохирургия орталығы"
Ұлттық медициналық холдинг компаниялары тобының  
басқарма төрағасы.
Ақшолақов С.Қ.

Жаңалықтар Барлығын көрсету

Жинақтар

  • 26.07.2017
    Қобда ауданы
  • 17.07.2017
    Әйтеке би ауданы
  • 17.07.2017
    Алға ауданы
  • 12.07.2017
    Хромтау ауданы
  • 12.07.2017
    Шалқар ауданы

Кері байланыс