«Ақтөбе — құтты мекен».

28.09.2017
Error 2

Энциклопедиялық анықтамалық. Ақтөбе облысының 85 жылдығына арналды.

Ақтөбе облысының  85 жылдығына арналған тартулардың бірі — “Ақтөбе — құтты мекен” энциклопедиялық анықтамалығы. Анықтамалықтың жалпы мазмұнымен таныстыруды да жөн көрдік.

Тарихи тұлғалар. Елеулі есімдер

Әр облыстың тарихы, түптеп келгенде, сол өңірде өмір сүрген адамдардың қолымен түзілетін шежіре. Сол себепті де облыс әкімі Бердібек Сапарбавтың ұсынысымен шығарылған мерейтойлық бұл анықтамалықтың көтерген жүгі — ежелгі жұрттың кешегісін бүгінге жалғап отырған өлке тұлғалары туралы көпшілікке тағы бір мәрте мәліметтер ұсыну болды. Осылайша энциклопедиялық анықтамалыққа жиналған материалдар он бөлімге топтастырылды.

«Тарихи тұлғалар» атты алғашқы бөлім екі тарауға бөлінді. «Дала дүбірі» тарауында негізінен ХХ ғасырға дейінгі батырлар мен билер, ел басқарған даналар мен есімдері ел есінен кетпейтін тұлғалар туралы деректер қамтылса, «Діни қайраткерлер» тарауы даламызға ілім-білім нәрін сепкен ізгі жандарды түгендейді.

«Дәуір дидары», «Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері», «Өлке дауысы» атты үш тараудан тұратын «Сөз әлемі» атты бөлім әуелі өлкемізде ғұмыр кешкен ескірмейтін ескі сөз иелерімен таныстырып, сосын сол тізімді қазақ әдебиетінің бүгінгі өкілдерімен толықтырады.

«Өшпес ерлік» бөлімінің кейіпкерлері — Кеңес Одағының Батырлары, «Даңқ» орденінің толық иегерлері, ғарышкерлер.

Социалистік Еңбек Ерлерінің өмірбаяндарымен «Еңбек ерлері» деп аталатын бөлім таныстырады.

«Айбынды асулар» — облысымыздың топырағынан шыққан генералдар туралы бөлім.

«Ғылым көкжиегі» атты бөлімде ғылым жолында ірі жетістіктерге жеткен ғылым докторлары, профессорлар мен академиктер қамтылса, «Мәдениет мерейі» бөлімі өнер мен мәдениет саласындағы танымал жандарды, ал «Спорт саңлақтары» бөлімі спортта еліміздің айбынын асырған, қазір де талай елдерде еліміздің көк байрағын желбіретіп жүрген үздік спортшыларды мақтан етеді.

Соңғы кездері Ақтөбені көркейтуге үлес қосып жүрген қазіргі кәсіпкерлер мен бизнес иелері туралы жиі айтылып жүр. Олардың мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде көздің жауын алатын сәнді ғимараттар тұрғызып, қалың жұрттың игілігіне ұсынып жатқаны өз алдына, сонымен бірге әлеумет мүддесіне қатысты түрлі бағдарламаларға мол үлес қосып жүргендері де жеткілікті. Міне, осындай тұлғалар туралы «Жомарт жандар» атты бөлім баян етеді.

Дәрігер Серік Ақшолақов пен әнші Димаш Құдайбергеннің, Олимпиада чемпионы Валерий Люкин мен меценат Ислам Салжановтың есімдері шет жұрттарға да жақсы мәлім. «Топжарғандар» атты бөлім осындай ерекше тұлғаларға арналды.

Осылайша оқырмандар жаңа энциклопедиялық анықтамалық арқылы өз өлкесінің елеулі адамдарымен тағы бір мәрте жүздесетін болады.

Мақала Ақтөбе газетінің ресми сайтынан алынды.

Сілтеме: http://www.aktobegazeti.kz/?p=58572

Әсері мол жүздесу болды.

Марат ЗАЙЫРОВ, «Нұрбанк» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. Ақтөбеде өткен « ...

Туған жер — әркімнің қасиетті мекені.

Елеусін САҒЫНДЫҚОВ, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор  ...

Ақтөбе қонақтарын қарсы алады.

28-29 қыркүйекте біздің облыста "Туған жер" республикалық форумы өз жұмысын бастайды.  ...

Жинақтар

  • 26.07.2017
    Қобда ауданы
  • 17.07.2017
    Әйтеке би ауданы
  • 17.07.2017
    Алға ауданы
  • 12.07.2017
    Хромтау ауданы
  • 12.07.2017
    Шалқар ауданы

Кері байланыс