Ақтөбеде хоккей-жаттығу спорт кешені ашылды

02.06.2017
Error 2

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақтөбеде хоккей-жаттығу спорт кешені ашылды. Кешенінің салынуы Президенттің «Туған жер» жобасы аясында жүзеге асырылды. Бұл - өңірдегі Тәуелсіздік жылдарында тұрғызылған қысқы спорт түрлерін дамытуға арналған алғашқы спорттық ғимарат. Мұз айдынының салтанатты ашылуында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ақтөбеліктерді құттықтады. «Мұндай кешен Ақтөбеде бұрын-соңды болмаған. Мен ақтөбеліктердің қысқы спорт түрлері бойынша әлеуеті зор екендігіне сенімдімін. Тиісті жағдай жасап, жаңа чемпиондарды өсіріп шығарамыз»,- деді Бердібек Сапарбаев. Қаланың 11-шағын ауданда орналасқан спорт кешені тек хоккейшілерді ғана емес, сонымен қатар, мәнерлеп сырғанау мен шорт-трек бойынша спортшыларды даярлайды. Айта кетейік, мұнда орнатылған хоккей қорапшасы жоғары халықаралық стандарттарға сай және спортпен кәсіби түрде айналысуға мүмкіндік береді. Хоккей-жаттығу спорт кешенінің мұз айдынын орнату және оны құю жөніндегі жұмыстарын ресейлік компания жүзеге асырды. Аталған компания бұған дейін Сочиде өткен олимпиада ойындарының және Мәскеуде өткен хоккейден әлем чемипионатының мұз айдындарын дайындаған. Құрылыстың құны — 544 миллион теңге. Бұл қаржы кешеннің құрылысы мен жарақтандырылуы және абаттандырылуына жұмсалған. Жоба ақтөбелік кәсіпкерлер ағайынды Щегельскийлердің қаржылай көмегімен жүзеге асырылды. Бердібек Сапарбаев әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асыруда қолдау көрсеткені үшін «КТП» ЖШС бас директоры Всеволод Щегельскийге алғыс хат табыс етіп, Парламент Мәжілісінің депутаты Глеб Щегельскийді «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапаттады. «Президенттің бастамасымен жүзеге асырылған «Туған жер» жобасын қолдағаныңыз үшін, сізге алғысымды білдіремін. Сіздің қосқан үлесіңіз өңірдегі өзге де компаниялар мен кәсіпорындардың басшылары үшін үлгі боларына сенімдімін»,- деді өңір басшысы. 

Әсері мол жүздесу болды.

Марат ЗАЙЫРОВ, «Нұрбанк» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. Ақтөбеде өткен « ...

Туған жер — әркімнің қасиетті мекені.

Елеусін САҒЫНДЫҚОВ, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор  ...

Ақтөбе қонақтарын қарсы алады.

28-29 қыркүйекте біздің облыста "Туған жер" республикалық форумы өз жұмысын бастайды.  ...

Жинақтар

  • 26.07.2017
    Қобда ауданы
  • 17.07.2017
    Әйтеке би ауданы
  • 17.07.2017
    Алға ауданы
  • 12.07.2017
    Хромтау ауданы
  • 12.07.2017
    Шалқар ауданы

Кері байланыс