«Олар — біздің әулеттің бір-бір шаңырағы…».

28.09.2017
Error 2

«Әкем 1932 жылы оқу іздеп, туған жерінен жыраққа аттанды. Мен Алматыда дүниеге келдім. Сөйтсе де, өзімді әрдайым «Ақтөбе жақтың қазағымын», — деп таныстырамын. Өйткені, Ақтөбе — біздің атамекеніміз. Жұбановтар — Ақтөбе өңірінің мақтанышы екені баршаға белгілі», — дейді Ажар Жұбанова.

Ол — биология ғылымдарының докторы, профессор, белгілі ғалым. Ұзақ жылдардан бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде еңбек етеді. Экологиялық биотехнология, т.б. салалар бойынша зерттеу жұмыстары барысында Ақтөбе өңірінің кәсіпорындарымен, осындағы жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатып келеді.

—Ақтөбедегі музыкалық колледж — әкем Ахмет Жұбановтың, ал өңірлік мемлекеттік университет — оның ағасы Құдайберген Жұбановтың, облыстық филармония — туған әпкем Ғазиза Жұбанованың есімдерін иеленген. Олардың әрқайсысы — біздің әулеттің бір-бір шаңырағы секілді. Сондықтан ғылыми жұмысыма, зерттеулеріме қатысы бар-жоғына қарамастан, мен аталған оқу орындарымен және өнер ордасымен байланысымды үзген емеспін. Ақтөбеге барған сапарларымда арнайылап соғамын, былайғы уақытта олардың басшыларымен хабарласып тұрамын, әр жақсы жаңалықтарына қуанып, сәтсіздіктері болса, қиналамын, — дейді Ажар Ахметқызы.

Ахмет Жұбановтың үлкен балалары — Ғазиза, Болаттар Ақтөбе жерінде дүниеге келген.

— Әкем, анам, бауырларым туған жер туралы жиі әңгімелесетін. Ғазиза әпкем: «Ақтөбе даласында аспан мен Жер кездесіп, табысып тұрғандай болады», — дейтін, ал ағам үнемі: «Өзіміздің Жұрынға ешқандай жер жетпейді» — деуші еді. Бізді үлкендер бабалар рухы сақталған атамекеннен қол үзбеуге тәрбиеледі. Санамызға: «Осы өлкеде арғы ата-бабаларымыздың бейіттері жатыр, сондықтан оны ешқашан ұмытуға болмайды», — деген ұғымды сіңірді. Ақтөбе өңірінде мен жиі боламын. Әсіресе, 1966 жылы әкеммен келген сапарымыз есімде қалды, — дейді Ажар Ахметқызы.

Ақтөбе қаласын ол о бастан-ақ заманауи, өндірісі дамыған қала ретінде қабылдапты.

—Бір көргеннен-ақ Ақтөбе маған қайнаған өмірдің ортасы, жылдан-жылға қарыштап дамуға бет алған қала сынды әсер қалдырған еді. Әр сапарымда Ақтөбе келбетіндегі өзгерістерге, жаңалықтарға қуанамын. Алдағы форум да өңір тарихында ерекше із қалдыратын оқиға болады деген пікірдемін, — дейді Ажар Жұбанова.

Мақала Ақтөбе газетінің ресми сайтынан алынды.

Сілтеме: http://www.aktobegazeti.kz/?p=58615

Автор: И.ЖАЙМАҒАМБЕТОВА

Әсері мол жүздесу болды.

Марат ЗАЙЫРОВ, «Нұрбанк» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. Ақтөбеде өткен « ...

Туған жер — әркімнің қасиетті мекені.

Елеусін САҒЫНДЫҚОВ, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор  ...

Ақтөбе қонақтарын қарсы алады.

28-29 қыркүйекте біздің облыста "Туған жер" республикалық форумы өз жұмысын бастайды.  ...

Жинақтар

  • 26.07.2017
    Қобда ауданы
  • 17.07.2017
    Әйтеке би ауданы
  • 17.07.2017
    Алға ауданы
  • 12.07.2017
    Хромтау ауданы
  • 12.07.2017
    Шалқар ауданы

Кері байланыс