Туған жерді бірге өркендетейік!

21.09.2017
Error 2

Раиса КӨЗДЕНБАЕВА, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты:

— Қай уақытта да туған жер, туған ел ыстық көрінеді, өзіне тартып тұрады. Облыстың 85 жылдығы атап өтілетінін, «Ақтөбе — құтты мекен!» халықаралық форумы және  «Ақтөбе жерлестерін шақырады!» атты үлкен шара ұйымдастырылатынын естігенде көңілім көтеріліп, қуанып қалдым. Алыста жүрсем де өзім туып, өскен жердің әрбір жетістігіне қуанып, елеңдеп отырамын. Менің өмірімдегі ең қызықты, еңбек жолымдағы белесті кезеңдер туған қалам Ақтөбеде өтті. Ақтөбенің Тұрғындар қалашығы ауданындағы №8 мектепті бітіріп, медициналық институтқа оқуға түстім. Әкем Салмағанбет «Ақтөбе ферроқорытпа» зауытының іргетасын қалаушылардың бірі болды. Ол уақытта бұл ауданда қазақтар өте аз болатын. Неміс, орыс, кәріс ұлтының азаматтары көп еді. Барлығымыз бір үйдің баласындай тату-тәтті тұрдық. Әрине, ол кезеңмен салыстырғанда Ақтөбе бүгінде адам танымастай өзгерді. Биыл жазда келгенімде құрылыстың қарқынды жүріп жатқанын көрдім. Қаланың Новый ауданында бұрын үйлер жоқтың қасы болса, қазір ол аумақ қалашыққа айналыпты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолға алуымен халық игілігі үшін түрлі әлеуметтік нысандардың салынып жатқанын естіп, оқып жүрміз. Осы ретте жерлестердің басын қосуға ұйытқы болған облыс әкімі Бердібек Машбекұлына ризашылығымды білдіремін.  Ақтөбенің перзенті ретінде мен де оның дамуына, өркендеуіне өз үлесімді барымша қосып келемін. Зейнет жасынан ассам да еңбектен қол үзгенім жоқ. Алла қаласа, туған елге оралып, Ақтөбеде қазақ халық медицинасын дамытуға үлес қоссам деймін. Осыдан біраз уақыт бұрын Қытайға барып қазақ халық медицинасының қыр-сырын меңгеріп қайттым. Алтай қаласындағы  «Қазақ халық медицинасы» атты ауруханаға бардым. Бұл жақта қазақ медицинасына арналған арнайы факультет бар. Қазақтың бұрынғы емі сүлік салу, қан алу, балмен емдеу, сормақта тарту, сынықты салу, дәрілік өсімдіктермен емдеу секілді ем түрлерін жан-жақты меңгеруге мүмкіндік туды. Елге келген соң бос жүрмей, осы ілімді кейінгі жастарға үйретсем, халыққа шипам тисе деген ойым бар.

Құрметті жерлестер, сіздерді де Ақтөбенің асқақтауына, өркендеуіне  үлес қосуға шақырамын! Әрқашанда туған елге, жерге тағзым етіп жүрейік!

Мақала Ақтөбе газетінің ресми сайтынан алынды.

Сілтеме:http://www.aktobegazeti.kz/?p=58093

 

Әсері мол жүздесу болды.

Марат ЗАЙЫРОВ, «Нұрбанк» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. Ақтөбеде өткен « ...

Туған жер — әркімнің қасиетті мекені.

Елеусін САҒЫНДЫҚОВ, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор  ...

Ақтөбе қонақтарын қарсы алады.

28-29 қыркүйекте біздің облыста "Туған жер" республикалық форумы өз жұмысын бастайды.  ...

Жинақтар

  • 26.07.2017
    Қобда ауданы
  • 17.07.2017
    Әйтеке би ауданы
  • 17.07.2017
    Алға ауданы
  • 12.07.2017
    Хромтау ауданы
  • 12.07.2017
    Шалқар ауданы

Кері байланыс