Error 2
Қосаева Қаракөз Қамақызы
1932-__-__

Аудан: Ойыл

2014 — құрметті азаматтың атағын алу

Қосаева Қаракөз Қамақызы 1932 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1952 жылы Ақтебенің Н.Байғанин атындағы 1960 жылы Орал пединститутын бітірген. Еңбек жолын Шалқар ауданындағы Қорғантұз орта мектебінде мұғалімдіктен бастаған. Хлебодар жеті жылдық мектебінде директор қызметін атқарған.  1955-1972 жылдары Ойыл ауданы орталығындағы қазақ орта мектебінде мұғалім болып жұмыс жасаған. Ақтөбе қаласындағы М.Құсайынов атындағы дарынды балалар мектебінде дәріс берген. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, оқу-тәрбие ісінде жоғары жетістіктерге жеткендіктен 1953 жылы ВЛКСМ-нің V съезіне делегат болып қатысқан. Қ.Қосаеваға ағарту саласындағы ұзақ жылдардағы жемісті еңбегі үшін  «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағы берілген.

Қосаева Қаракөз Қамақызы ауданнын білім саласындағы оқу мен тәрбие ісіне сүбелі үлес қосумен қатар ауданның қоғамдық, әлеуметтік және мәдени саласындағы қызметтеріне де белсене ат салысумен бірге, үлгілі отбасы ретінде елге танылды, өнегелі ұрпақ өсірді. Осы әулеттің перзенттері өздері өмірге келген туған жерін, ата-анасының  қызмет еткен ортасын қастерлеп, Ойыл ауданына әлі күнге дейін колдан келген көмектерін үзбей көрсетіп келеді.

Қосаева Қаракөз Қамақызына  «Ойыл ауданының Құрметті азаматы» атағы беруді  Ақтөбе өңірінің бір топ зиялы азаматтарының ұсынған.

Жинақтар

  • 26.07.2017
    Қобда ауданы
  • 17.07.2017
    Әйтеке би ауданы
  • 17.07.2017
    Алға ауданы
  • 12.07.2017
    Хромтау ауданы
  • 12.07.2017
    Шалқар ауданы

Кері байланыс