Error 2
Бәйішев Қанат Сақтағанұлы
1941-02-22

Аудан: Байғанин

(22.02.1941 ж.) Алматы қаласында дүниеге келген. 1964 жылы С. М.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін биолог мамандағы бойынша бітірген. Биология ғылымдарының кандидаты, Алматы мемлекеттік университетінің профессоры.  Қазақстан ҒА ботаника институтының  кіші ғылыми қызметкері (1969-1973), Қарағанды мемлекеттік университетінің проректоры, кафедра меңгшерушісі (1973-1980).  Қазақ мемлекеттік университетінің деканы (1980-1987), Қазақстан Республикасы халықтық білім беру министрлігінің ЖОО-н басқару басқармасының басшысы.  Эргономика институты кафедра меңгерушісі, ҚР-ның Министр аппараты кабинеті экология секторының меңгерушісі,  Министрдің бірінші орынбасары, ҚР-ның  биоресурстары және экология  вице-министрі, ҚР экология және табиғи ресурстары вице-министрі (1997-1998). Қазақ мемлекеттік университетінің физика-химия сараптама-әдістемелік орталығының директоры, Экология кафедрасының профессоры.

«Генетика животных» кітабының, «Радиологическая обстоновка Западного Казахстана» атласының авторы . 50 - ден астам ғылыми мақалалары бар.

 

 

Жинақтар

  • 26.07.2017
    Қобда ауданы
  • 17.07.2017
    Әйтеке би ауданы
  • 17.07.2017
    Алға ауданы
  • 12.07.2017
    Хромтау ауданы
  • 12.07.2017
    Шалқар ауданы

Кері байланыс