Error 2
Жүсібалиев Төлеген Мұхамедиярұлы
1953-12-23

Аудан: Темір

Туылған жылы: 1953 жыл 23 желтоқсан

 

Туған жері: Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Қайыңды ауылы

 

Білімі: жоғары, 1980-1985 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ дене тәрбиесі және спорт институтын (қазіргі Спорт академиясы) аяқтаған.

 

Еңбек жолы

  • Ақтөбе қаласында мектеп-интернатында білім алып, еркін күрес спорт түрімен айналысты, кейіннен Алматы қаласында студент бола жүріп, еркін күрестен Спорт шеберлігіне үміткер (КМС) атанды.
  • Тоғызқұмалақтан Спорт шеберлігіне үміткер (КМС), ҚР бірнеше дүркін чемпионы,
  • 1976-1994 жылдары Темір ауданы, Қайыңды ауылындағы Абай орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі,
  • 1994-2002 жылдары Темір балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде директор,
  • 2002-2007 жылдары Темір аудандық білім бөлімінде әдіскер,
  • 2007-2017 жылдары № 4 Шұбарқұдық орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі қызметін атқарып, көптеген талантты жас спортшыларды тәрбиелеп, ауданымыздың спорт саласының дамуына айтарлықтай ықпалын тигізді.
  • 2017 жылдың мамырынан бастап зейнеткерлікке шықты.

 

Еңбек өтілі:   41 жыл

 

Отбасылық жағдайы:  Жолдасы Қыдырбаева Жамал Қыдырбайқызы ардагер-ұстаз, ардагер спортшы, 5 бала тәрбиелеп өсірген.

 

Марапаттары: 

-ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгісі және үлкен спорттың ізбасарларын даярлауға қосқан елеулі еңбегі үшін Төсбелгісі,

-ҚР Туризм және Спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін" атағы берілді.

-«Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хатымен марапатталды.

Жинақтар

  • 26.07.2017
    Қобда ауданы
  • 17.07.2017
    Әйтеке би ауданы
  • 17.07.2017
    Алға ауданы
  • 12.07.2017
    Хромтау ауданы
  • 12.07.2017
    Шалқар ауданы

Кері байланыс